"Jibek Joly" туристік пойызы: Алматыдан тарихи сапар
- авторjambylinfo.kz
- 21 наурыз, 2025
- 177

450-ден астам турист Jibek Joly және Keruen Express пойыздарымен саяхатқа аттанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Jibek Joly құрамында 10 вагоны бар пойыз Алматыдан шығып, Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы бағытымен жүреді. Саяхаттың ұзақтығы – алты күн. Keruen Express те Алматыдан шығып, дәл осы қалаларды аралайды, бірақ Таразға бармайды. Бұл пойыздың сапары бес күнге созылады.
Түркістанда жолаушылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен тарихи Керуен сарайын тамашалай алады. Ташкентте олар Хазрати-Имам кешенін, Барақхан медресесін, Әбу Бәкір Каффали Шаши мен Төле бидің кесенелерін, сондай-ақ Magic City ойын-сауық саябағын көре алады. Самарқанда саяхатшылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі, сондай-ақ Регистан алаңы (Шер-Дор, Тіллә-Кари және Ұлықбек медреселері) сынды тарихи орындарды аралайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2025
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025