бейсенбі, 21 қараша, 2024 19:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көктемде адам ағзасына қандай дәрумендер қажет?

Көктемде адам ағзасына қандай дәрумендер қажет?
Ғаламтор
Көктем мезгілінде адам ағзасы түрлі дәруменді зәру болады. Белгілі эндокринолог Гүлжан Мұратханқызы көктемде адам ағзасына қандай дәрумендер қажеттігін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Көктем мезгілінде адам ағзасы С, D, А, Е, В1, В2, РР дәрумендерін қажет етеді. Бұл ретте дәріханада сатылатын дәрумендерді өз бетінше қабылдауға болмайды. Міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Көктемде ағзада дәрумен тапшылығын болдырмас үшін теңіз балығы, кептірілген жеміс, жаңғақтар  және көкөністер пайдалы», - деді дәрігер.

Эндокринологтің айтуынша, ағзадағы дәруменнің тапшылығын мына белгілер арқылы анықтауға болады:

- Бір немесе бірнеше созылмалы аурудың өршуі;

- Апатия және бұрын ұнатқан заттар мен әрекеттерге қызығушылықты жоғалту;

- Ұйықтау процесінің бұзылуы;

- Шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы;

- Зейіннің болмауы;

- Бас ауруы;

«Дәрумен тапшылығының алдын алудың негізгі қағидасы – дұрыс тамақтану. және таза ауада жиі серуендеу - деді дәрігер

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар