Жаңалықтар
Көліктер бензинге көшеді: Өзбекстан сұйытылған газ экспортын тоқтатты
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2022
- 626
Көліктер бензинге көшеді: Өзбекстан сұйытылған газ экспортын тоқтатты
Kun.uz жазуынша, 2023 жылғы 1 наурызына дейін сұйытылған газбен жүретін және мемлекеттік органдарға тиесілі көліктер бензинге көшеді. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды.
Билік мынандай қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:
- барлық өндірушілер мен саудагерлерге сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынады;
- халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда сұйытылған газ жеткізіледі;
- су ресурстары министрлігі жүйесіндегі сорғы станцияларына электр энергиясын берудегі уақытша шектеулерді жыл соңына дейін ұзарту;
- бензиннің, сондай-ақ бензин мен дизель отынын өндіруге арналған шикізаттың импортын арттыру;
- АИ-80 маркалы бензиннің биржадағы саудасына делдалдық компаниялардың қатысуына жол бермеу;
- АИ-80 маркалы бензиннің импортына акцизді және оны бөлшек саудада өткізуге акцизді есептеу және алу екі ай мерзімге тоқтатылды;
- биржада сатылатын АИ-80 маркалы бензиннің тәуліктік көлемі ұлғайтылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Павлодарда жаңа құбыр жарылып, жол бойын су басты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






