жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Күміс той жасаймыз»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын айтты

«Күміс той жасаймыз»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын айтты
Сурет ашық дерекөзден алынды
Қыдырәлі мен Қарақаттың үйленгендеріне 25 жыл толған.

Отандық әнші жас келін болып, оң босаға аттаған сәтін есіне алды,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. деп хабарлайды.

«Қызымның «Тағы да үйлену той боласыңдар ма не?» дегені қалай кетті. Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, «Күміс тойға» да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: «Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шашыңызға кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз» деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын», – деп жазды өнер иесі. 

 Сондай-ақ, кішкентайларына неке тойында болмағандықтан, «Балалар көрсін» деп тағы бір рет үйленеін деп жатқандарын айтқан. Жұлдызды жұп күміс тойларын атап өтуге ниетті екендерін жасырмады.

Шаңырақтың иесі Қыдырәлі Болман да «Алматыда үйленгендер біледі. Той алдында міндетті түрде Медеу мұз айдынына бару – жазылмаған дәстүр еді. Үйлену тойымызға қарап отырып, неше түрлі ойға батып, достарың мен сол кездегі түрлі бастан кешкен әсер еске түседі. От болып жанып тұрған кездер-ай! Ерке кездер-ай», – деп сағыныш жазба қалдырған болатын.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар