Жаңалықтар
Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады
- авторjambylinfo.kz
- 23 қазан, 2023
- 446
Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады
QazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды Jambylinfokz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.
QazAvtoJol-дан мәлім еткендей, күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника жұмылдырылған.
Жол қозғалысына қатысты қандай да бір сұрақпен тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






