Күнде бір сарымсақтан жесеңіз жас көрінесіз
Адамдар аурулармен күресу үшін және олардың алдын алу үшін сарымсақтың көмегіне бұрыннан жүгінген. Бірақ оның пайдасы тек осымен шектелмейді. Күнделікті рационға сарымсақ қосудың негізгі себептерін ұсынамыз.
Сирек тұмауратасыз
Сарымсақта аллицин деген зат бар: ол сарымсаққа өзіне тән иіс береді. Бұл заттың вирустарға қарсы қасиеті көптеген зерттеулермен дәлелденген. Сондай-ақ ол иммунды жүйені қатайтады. Сарымсақты күніне қанша жеу әрбір адамның асқорыту жүйесі ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы күніне 1-2 сарымсақ жеу жеткілікті. Сарымсақты ұсақтағанда аллицин көп мөлшерде бөлінеді. Сондықтан одан барынша пайда алу үшін оны езіп, ұсақтап алған дұрыс.
Ауыз қуысы жағдайы жақсарады
Күніне бір сарымсақ жеу арқылы тіс еті қабыну ауруларының даму қаупін азайтасыз. Себебі оның құрамында фитонцидтер бар, ал олар күшті бактерицидті әсерге ие.
Аллергия жиі мазаламайтын болады
Сарымсақтағы этилацетат аллергендердің енуіне жауап ретінде түзілетін гистамин ақуыздарының бөлінуін азайтады. Сондықтан аллергияға бейім адамдарға күнделікті рационына сарымсақ қосу пайдалы.
Жас көрінесіз
Сарымсақтағы аллицин — күшті табиғи антиоксидант. Рациондағы антиоксиданттардың жеткілікті мөлшері теріңіздің тегістігі мен иілгіштігін сақтауға мүмкіндік береді.
Бауырдың жұмысын жеңілдетесіз
Бұл орган уытсыздандыру процесінде маңызды рөл атқарады. Бауырда түрлі зиянды заттар зиянсыздандырылады: ауыр металлдар, ксенобиотиктер және т.б. Сарымсақта бауырдың тазартуға қатысатын ферменттерінің түзілуін арттыратын заттар бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
14 жастағы баланы мұғалім жездесі зорлаған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024