жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл толды

Күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл толды
ашық дереккөзі
Күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл толды
Бүгін күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толды. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Әлемдік аренада алғаш рет 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста жеңімпаз атану арқылы әйгілі болған палуан дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен. Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған батыр бабамыз жайлы кей деректерге қарағанда, күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалаған. Ол 1948 жылы Түркістан облысының Ордабасы ауданында өмірден озды. Палуан бабамыздың төрт әйелінен тараған ұрпақ бүгінде Түркістан мен Ақмола өңірінде тұрып жатыр. Ғалым, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың жазбаларында Қажымұқанның салмағы – 174 келі, бойы – 195 см, кеудесінің аумағы – 146 см, балтырының аумағы – 49 см, мойнының жуандығы – 56 см, бас аумағы – 65 см, ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см, ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см, үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см, аяқ киімі 54 өлшемді деп көрсетілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар