....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ерекше қызметтер көрсетілген

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ерекше қызметтер көрсетілген
ашық дереккөзі
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ерекше қызметтер көрсетілген
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефон пайдалануға, туған күнін ішімдік ішіп тойлауға заңсыз мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерге интим қызмет көрсетілгені үшін де пара беріліпті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында жазылған. Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаев ағасы үшін тиісті адамдарға пара берген. Кейін кәсіпкер заңсыз сыйлықтар алған. Ал осы жағдайдан кейін Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни ол ағасына сыйлықтар жасап, тіпті интим қызметқе ақы төлеген.
2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қ.С. Боранбаевты АФМ ғимаратынан тергеу изоляторына апару кезінде жол жүру бағытынан ауытқып, пара беруші Боранбаевтың пайдасына заңсыз іс-әрекеттер жасалып, Астана қаласы Алаш тасжолында орналасқан "Нұр" кафесінің маңына тоқтаған. Боранбаевқа интим қызмет көрсетушімен кездесуге, туған күнін ішімдік ішіп атап өтуге мүмкіндік жасалған. Куәгер Ә.Т. Боранбаев кешкі уақытта Қ.С. Боранбаевпен кездесу ұйымдастырғанын мәлімдеді. Олар қара түсті джипте кездескен. Ол ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен, - делінген қылмыстық іс материалында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар