сенбі, 21 желтоқсан, 2024 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті
ашық дереккөзі
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті
15 желтоқсан күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының м.у.а. Қ.Байгебаев, облыстық әкімдік өкілдері, Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Н.Ергебаев, облыс кәсіпкерлері, кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары мен аудандық әкімдік өкілдері онлайн форматта қатысты. Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының м.у.а. Қ.Байгебаев «Бизнеске жол» жобасы аясында 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жоба басталғаннан бері департаментпен 29 өтініш қаралып, шешілген жүйелік кейстердің саны 24-ке жетті. Шешілген кейстер бойынша облыстың 397 кәсіпкерінің құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, департамент кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 50-ден астам кездесу өткізіп, өткізілген кездесулерге облыстың 500-ден астам кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, бизнеске кедергі келтіргені үшін 16 тұлға (8 тәртіптік, 8 әкімшілік) жауапкершілікке тартылды. Қ.Байгебаев өз сөзін қорытындылай келе, департамент тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, өңірдегі бизнесті дамыту мен оған қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерге жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар