сейсенбі, 12 қараша, 2024 1:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіподақшылар Таразда бас қосты

Кәсіподақшылар Таразда бас қосты
Сурет: Jambylinfo.kz
Көне шаһарда кәсіподақшылардың республикалық семинары өтті

Бүгін Таразда  «Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының жарғылық міндеттерді жүзеге асыру қызметінің тәжірибесі туралы» республикалық семинар-кеңес өтті. Оның жұмысына республикалық салалық Кәсіподақтың мүшелік ұйым жетекшілері мен өкілдері, Жамбыл облыстық ұйымының активі қатысты. деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Семинардың басында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков облыстық салалық кәсіподақ ұйымының жарғылық міндеттері бойынша жалпы ақпарат беріп өтті. Содан соң кәсіподақтың құқықтық қызметі мен әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру тәжірибесі туралы құқықтық қызмет басшысы Ә.Джолшибекова, Кәсіподақтық қаржылық қызметі мен саясатын жүзеге асыру жағдайы туралы Бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі А.Құрмашева, Кәсіподақ филиалдарының жарғылық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру қызметі туралы Кәсіподақтың Т.Рысқұлов аудандық комитетінің төрағасы А.Баймұратова баяндады.

Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының іргетасы саналатын бастауыш ұйымдардың жұмыс тәжірибесімен Тараз қаласындағы №17 балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы В.Василевская бөлісті. Жиында Кәсіподақтың ақпараттық және оқу-әдістемелік саясатының негізгі бағыттары мен міндеттері, көрсеткіштері туралы «Еңбекші» салалық газетінің бас редакторы Б.Бекназаров ақпарат берсе, «Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС директоры Ж.Қойбағаров кәсіподақтық туризм, сала өкілдерін сауықтыру тәжірибесімен бөлісті.

Кәсіподақтар бұқаралық ұйым – еңбекшілер атынан өкілеттік ететін бірлестік. Олардың негізгі қызметі ретінде азаматтардың еңбек, әділетті де лайықты жалақы, жұмыссыздық пен жұмыс беруші озбырлығынан қорғау, қауіпсіз әрі оңтайлы еңбек жағдайын жасау, әлеуметтік қамсыздандыру, сапалы білім алу мен денсаулық сақтау секілді әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға бағытталған. Азаматтық қоғамның белсенді институты ретінде Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы өз қызметін биыл қабылданған «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жалғастыруда. Барлық бастамалар мен игіліктер облыс бойынша 813 бастауыш кәсіподақ ұйымына қауымдасқан 65 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі-сала өкілінің әл-ауқатын көтеруге және қауіпсіз еңбектенуі мен демалуына бағытталған. Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қызметіндегі басты бағыттың бірі - ұйымдастыру жұмысы. Кәсіподақтың алқалы басқару органдарының жүйелі де жоспарлы жұмысын қамтамасыз ету. Осы орайда, 2018 жылдан бері облыстық ұйымның 2 Конференциясы, Комитеттің 7 Пленумы, Атқарушы органның 45 мәжілісі, бірнеше жұмысшы кездесулер, актив жиналыстары мен «дөңгелек үстел» отырыстары өтіп, онда ынталандыру арқылы мүшелік базаны арттыру, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, кәсіподақ ұйымдарының құқық қорғау қызметінің тиімділігін көтеру, кәсіподақтық оқуды дамыту сынды сұрақтар қаралып, талқыға салынды. Ерекше басымдыққа ие бағыттың бірі – әлеуметтік әріптестік. Салада шынайы әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар жасау мен оның орындалуын қамтамасыз ету, сала өкілдерінің құқықтары мен мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауда өзара мәмілеге келе білудің жақсы үлгісі қалыптасқан. 2012-2014, 2015-2017, 2018-2020, 2021-2023, 2024-2026 жылдарға білім басқармасы мен жергілікті кәсіподақ арасында Әлеуметтік әріптестік туралы жаңа форматтағы Келісімдер мен ұжымдық шарттар қабылданған. Аталған құжаттарда еңбек ақы төлеу жүйесі, педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі, сала өкілдерінің еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға бағытталған нормалар келісілген.

Кәсіподақ құрылған білім беру мекемелерінде еңбек заңдылығының орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған пәрменді жұмыстар бар. Атап айтқанда кәсіподақтық инспекция құрылған 2010 жылдан бері білім беру мекемелерінде ҚР еңбек заңдылығының, Әлеуметтік әріптестік туралы актілердің орындалуын бақылауда барлығы 5974 тексеріс жүргізілді және еңбек заңдылығы талаптарын бұзудың 21 502 жағдайы анықталды. Ал 7656 жазбаша жауап пен түсіндірме берілді. Келесі кезекте ауызша берілген кеңес саны - 77 366. 48 кәсіподақ мүшесі жұмысқа қайта орналастырылып, оның 10 сот арқылы және 132 жағдайда жұмыстан босатуға жол берілмеген. Құқықтық қызмет жұмысын бастаған кезеңнен бастап кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау мақсатында 95 талап арыз, кәсіподақ мүшелерінің өтініші негізінде сотқа 149 құжат дайындалып, 165 өкілеттік қамтамасыз етілді. Жалпы құқықтық қызметтің экономикалық тиімділік көрсеткіші 2015 жылдан бастап 2 млрд. 584 млн. теңгені құрап отыр.

2019 жылдан бері Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 91 семинар ұйымдастырылған. 8155 сала қызметкері мен жұмыс беруші өкілі кәсіподақтық оқумен қамтылды. 2015 жылдан бері жарыққа шығатын «Еңбекші» салалық газеті мен республикалық, облыстық мерзімді басылым беттерінде 509 мақала газет бетіне шықты. Кәсіподақ қызметін насихаттау мен баяндау мақсатында облыстық телеарналарда 34 сюжет көрсетілді. Сайт пен әлеуметтік желіде 992 пост жарияланды. Айта кетейік, 2019-2023 жыл аралығында кәсіподақтық жолдамамен 23 592 кәсіподақ мүшесі сауықтырылды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесі ретінде Салалық кәсіподаққа мүше ұйымдардың қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жамбыл облысы жеңіп алған еді.

Жиын соңында Кәсіподақ ұйымының белді мүшелеріне  "Еңбек озаты", "Кәсіподақ ардагері" төсбелігілері мен арнайы Алғыс хат  тапсырылды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар