Камчатка тарихында ең күшті жер сілкінісі тіркелді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 30 шілде, 2025
- 738
Камчаткада жер сілкінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жерасты дүмпулері Петропавл-Камчаткий қаласынан 150 шақырым жерде, 18 км тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,7–8,7 балды құрады.
Камчаткадағы Елизово ауданында 3-4 метр биіктіктегі цунами толқыны тіркелді. Кейбір аймақтардан тұрғындар эвакуациялануда.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ.
«Камчаткадағы цунамиді бақылау және ескерту орталығы Парамушир мен Шумшу аралдарына толқынның жақындап келе жатқанын хабарлады. Кейбір жерде пеш мұржалары мен желдеткіштер зақымданған. Солтүстік-Курильск қаласының портын және «Алаид» балық өңдеу кәсіпорнын су басқан. Тұрғындар эвакуацияланды», - деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі.
Сондай-ақ Жапония, Гавай аралдары, Аляска және Солтүстік Американың Тынық мұхиты жағалауы бойынша цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланды.
Қостанайда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





