Ковид індеті: Қазақстандықтар жаппай маска таға ма
- авторjambylinfo.kz
- 3 қыркүйек, 2024
- 839
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ведмство мәілмдеуінше, әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантин шектеулері мен бетперде тағу режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
- "Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз.", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұстаз жеті жасар қызды көлікпен қағып өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024