Картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу енгізілді
- авторjambylinfo.kz
- 20 қаңтар, 2025
- 1144
Биыл картоп экспорты 1,5 есеге өсіп, 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сұраныстың жоғарылауы ішкі нарыққа да әсер етті. Соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілердің өнім бағасы 170 теңгеден 270 теңгеге дейін көтерілгені тіркелді.
Осыған орай, 2025 жылдың 18 қаңтарында өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге экспорттауға 6 айға шектеу енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шектеу ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, бірақ экспортқа бақылау жүргізіледі. Бұған қоса, 16 қаңтардан бастап экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру уақытша тоқтатылды.
Аталған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, негізсіз қымбаттаудың және нарықтағы алыпсатарлық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






