....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратқаны белгілі болды

Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратқаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратқаны белгілі болды
«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев өз жұмыстарына алдағы бір-екі күнде кіреседі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде болған баспасөз брифингінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Министрддің сөзінше, жаңа инвестор 1-2 күнде активті басқаруға алады.
Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртауға» нақты талаптар қойды. Сонымен қатар мемлекет басшысы АМТ кәсіпорындарындағы апаттар жүйелі сипатқа ие болғанын ерекше атап өтті. Қарқынды жүргізілген келіссөз нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасында «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды. Бұл қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Қанат Шарлапаев.
Келісім аясында АМТ қызметін талдау және бағалау үшін халықаралық консультанттар тартылған. Келіссөздер процесі жалпы 11 раундқа созылып, оның жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаннан кейін өткенін айтты.
Дәл осы кезеңде екі тарап та нақты ұстанымға қол жеткізді. Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратты, бұл Әділет министрлігі тартқан халықаралық кеңесшілердің есептеулеріне сәйкес келмеді. Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Сонымен бірге біздің мақсатымыз қыруар қаражат жұмсалатын және ұзаққа созылатын халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар