жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жасырмай, ашығын айтуымыз керек". Ерлан Қарин еліміздегі рушылдық жайында айтты

"Жасырмай, ашығын айтуымыз керек". Ерлан Қарин еліміздегі рушылдық жайында айтты
Ерлан Қарин. Фото - ашық дереккөзден
Оның сөзінше, депутаттар арасында партиялық емес, рушылдық сипатта тартыстар байқалған

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek joly телеарнасына берген сұқбатында еліміздегі рушылдық мәселесі туралы айтты,- деп жазады Jambylinfo.kz

Ерлан Қарин сұқбатта рушылдық соңғы уақытта белең алып бара жатқанын айта келе, бұл сайлау кезінде депутаттардың партиялар арасында емес, рулар арасындағы бәсекелестікке айналғанын айтты.

  • Біраз сарапшылар саяси реформаларды өткізердің алдында осы мәселені айтып жүрді. Осы реформаның үлкен бір жетістігі – біздер партиялық тізіммен қатар, жеке мандаттық, бір мандаттық округтық сайлаулар өткізуді ұсынған болатын. Соған сәйкес, бізге аралас сайлау жүйесі енгізілді. Яғни, парламент пен мәслихаттың біршама депутаттары партиялық тізімнен басқа округтардан да сайланатын болды. Сарапшылар депутатты халық тікелей өзі сайласа екен деді. Бірақ сол саяси практикада  бірқатар өңірлерде бұл саяси партиялар арасндағы бәсекелестік емес, рулардың арасындағы бәсекелестікке ұласып кетті,- деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, рушылдық сипаты ономастика саласында жиі көрініс табады. Ерлан Қарин аталған сала реттеу үстінде кейбір ономастикалық комиссиялардың функциясы орталыққа берілгенін айтты. Өйткені, жергілікті жерде көше, елдімекендерге  атасының есімін бергісі келетіндер көп.

  • Жергілікті жерде көше , елді-мекендерге атау беретін кезде әрқайсысы өздерінің аталарының құрметіне талпынады. Көшереге атау берерде кілең сондай әрекеттер кездеседі. Кей кезде өңірдегі ономастика саласнда жұмысты талқылап отырғанда талдап қарайтын болсақ, бір ауылда 50 көше атын ауыстыратын болып жатса, оның бәрі жеке тұлғалардың атында . Осындай әдет тек бізде ғана бар,- деді ҚР Мемлекеттік кеңесшісі.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар