жұма, 30 мамыр, 2025 9:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы үш жылда еліміздегі экотуристер саны 40%-ға өсті

Соңғы үш жылда еліміздегі экотуристер саны 40%-ға өсті
Фото: gov.kz
Экотуризмнің өркендеуі табиғи байлықтарды сақтау, елдің туризм саласын дамыту және аймақтардың тұрақты дамуына өз үлесін қосады.

Соңғы жылдары Қазақстанда экотуризмге деген қызығушылық үнемі өсіп келеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мысалы, 2022 жылы экотуристердің саны 2 миллион адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 миллионға дейін өсіп, 40%-дық өсімді көрсетті. Ал 2023 жылы экотуристер қатары 2,4 миллион адамға дейін жеткен болатын.

Саяхатшылар арасында ең танымал бағыттар ретінде Алматы маңындағы ұлттық парктер аталады. Атап айтқанда, Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері жиі таңдалады.

Қазіргі таңда еліміздегі 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаларын ұстана отырып, инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізуде. Туристердің қолайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және басқа да нысандар бой көтеруде.

Соңғы жылдары тағы 8 жаңа заманауи визит-орталық пайдалануға берілді. Олар заманауи ақпараттық технологиялармен, маршруттарды көрсететін навигациялық жүйелермен және негізгі инфрақұрылыммен қамтылған. Бұл орталықтар келушілерге табиғи экожүйе, жабайы аң-құстар мекендейтін аймақтар, арнайы туристік бағыттар мен қорғалатын аумақтардағы жүріс-тұрыс ережелері жайлы ақпарат береді.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар