Жаңалықтар
Әкім сайлауы: Кандидаттарға неге көп талап қойылып отыр
- авторjambylinfo.kz
- 16 маусым, 2021
- 159
Әкім сайлауы: Кандидаттарға неге көп талап қойылып отыр
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатында әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.
«Сайлауды 2346 округте өткізу жоспарланған. Бұл - өте үлкен сан. Осы округтерде 7,5 миллионнан астам тұрғын бар. Осынша адамды басқару үшін дайындығы бар адамдар керек. Олардың сәйкес білімі, еңбек тәжірибесі, біліктілігі болуы тиіс. Бұл елді мекендердің ішінде шағындары да бар. Мысалы, Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Абай ауылында 49 адам ғана тұрады. Сол ауыл да әкімін сайлағалы отыр. Ал Жамбыл облысы Алматы ауданының Ұзынағаш ауылында 50 мыңнан астам адам бар. Мұндай тұрғын көп ауылды басқару үшін тиісті қабылеттері бар адам керек», - деген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қолданыстағы Жергілікті және өзін-өзі басқару заңы бойынша ауылдық округ әкімдерінен 54 құзырет талап етілетінін еске салды.
«Қандай үлкен жұмыс күтіп тұрғанын елестетіңізші. Мысалы қараңыз, ауылдық округ әкімі салық төлемдерінің уақтылы түсуіне ықпал етуі керек. Жер қатынастарын реттеп, автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді. Шаруа қожалықтары мен фермерліктердің құрылуына ықпал етеді. Елді мекендерді сумен қамтуды ұйымдастырып, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалыққа жауапты болады. Аз қатылған отбасыларды анықтап, жоғары сатыдағы органдарға оларға жұмыс беру және атаулы әлеуметтік көмек төлеу туралы ұсыныстар түсіреді. Жалғызілікті, еңбекке жарамсыз егде жастағы азаматтарға қызмет көрсетуді ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетеді. Міне, осы сияқты 54 құзыреті болуы керек», -деді ол сұхбат барысында. Мәлік Мырзалин 2020 жылы бүкіл Қазақстан бойынша бюджеттің төртінші деңгейі іске қосылғанын атап өтті. Яғни, сайланатын әкімдердің қарамағында айтарлықтай қомақты қаржы болады. Айтуынша, бұл да кандидаттарға қойлатын талаптың нақтылығын қажет еткен. «Ауылдық округтің бюджетіне 5 салықтық және 10 салықтық емес түсім кіреді. Ірі ауылдық округтердің бюджеті 1 млрд теңгеге дейін жетеді. Осынша ақшаны дұыс басқарып, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ілікпеу үшін дайындығы бар адамдар керек деп ойлаймын. Сондықтан, тиісті біліктілік талаптарының болу дұрыс деп ойлаймын», - деді ол. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024