Жаңалықтар
Үкімет депутаттармен келісті: Қазақстанда вейптерге толық тыйым салынады
- авторjambylinfo.kz
- 11 қазан, 2023
- 229
Үкімет депутаттармен келісті: Қазақстанда вейптерге толық тыйым салынады
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Осы вейпті біздің елімізде толық тыйым салу жөніндегі депутаттардың заңға енгізіліп жатқан нормасы үкімет отырысында қаралды. Қазір толық қолдау тауып отыр. Денсаулық сақтау саласы да бұл норманы қолдайды. Қазір осы толық айналымды тыйым салғанда қандай да бір жауапкершіліктерді, қай органдар қалай жауап береді – сол мәселе қаралып жатыр. Екі-үш апта ішінде үкімет өз қорытындысын береді”, – деді Ажар Ғиният.Айта кетсек, вейптер мәселесін бұл жолы отырыста Дәулет Тұрлыханов көтерген. Оның айтуынша, вейптерді қазір оқушылар да шегеді. Осы мәселе жөнінде Үкіметтің позициясын сұраған ол вейптің бірін тіпті Мәжіліс отырысында қалтасынан алып шықты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз