жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыру мерзімі басталды

Кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыру мерзімі басталды
Фото: freepik
Бұл декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде жіберуге мүмкіндік бар.

"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері қазақстандықтарға 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны онлайн режімде тапсыруға болатыны туралы үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын азаматтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс.

«Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде жүзеге асыруға болады.

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті.
Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады», – делінген хабарламада.

270.00-нысан келесі ақпараттарды қамтиды:
– жеке табыс туралы мәліметтер;
– шетелдегі жылжымайтын мүлік;
– көлік құралдары;
– бағалы қағаздар;
– цифрлық активтер;
– инвестициялық алтын;
– шетелдік компаниялардағы үлестер;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама аясында ірі сатып алулар мен шығындарды жабу көздері.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану тәртібі:

Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз;

«Азаматтарға» → «Кеден және салықтар» → «Салық салу» бөліміне өтіңіз;

«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін таңдаңыз;

Қажетті деректерді толтырыңыз және мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;

Қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы (ЭЦҚ немесе SMS) растаңыз;

«Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өңдеу мәртебесін тексеріңіз.

Қызметті eGov Mobile қосымшасы арқылы пайдалану тәртібі:

Қосымшаға кіріп, авторизациядан өтіңіз;

«Қызметтер» → «Салық және қаржы» бөлімін таңдаңыз;

«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін ашыңыз;

Қажетті деректерді толтырып, мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;

Қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз;

«Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен мәртебесін тексеріңіз.

Сондай-ақ, декларацияны:
– kgd.gov.kz порталындағы «Салық төлеуші кабинеті» арқылы;
– eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар