жексенбі, 24 қараша, 2024 18:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коммуналдық қызмет қалтаны қаға ма?

Коммуналдық қызмет қалтаны қаға ма?
ашық дереккөзі
Коммуналдық қызмет қалтаны қаға ма?

Осы жылы жалақы 19 пайызға өсті. Ал коммуналдық қызметтер 3 пайызға қымбаттаған.

2021 жылғы екінші тоқсан­ның қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа айлық атау­лы жалақы 251,5 мың тең­ге­ні құрады. Көрсеткіш тура бір жыл бұрынғы жағдаймен са­лыс­тыр­ғанда 18,6 пайызға жоға­ры. Инфляцияны ескерсек, жала­қы­ның нақты өсімі 10,4 пайызға тең.

Әдетте жалақы өссе, комму­налдық қызметтер де қымбат­тай­ды. Бұл жолы да солай болған. Атап айтқанда, осы жылдың екін­ші тоқсанында коммуналдық қыз­меттер бағасының жылдық өсімі 3,5 пайызды құраған. Оның ішінде тарифі мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтер 3 пайызға қымбаттаған. Осы орайда, бірінші тоқсанда ком­муналдық қызметтер баға­сы­ның өсуі 1,7 па­йыз болғанын атап өткен жөн.

Жалпы, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлеріне арналған тарифтердің жылдық өсімінің жиынтығы 5,4 пайызды құрады. Мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің ішінде суық судың айтарлықтай қымбаттағаны бай­қа­лады – баға бір жылдың ішінде 5,7 пайызға өскен. Соны­мен қатар газдың құны 0,9 пайызға өссе, жылу 0,9 пайызға арзандаған.

Енді мына қызықты қа­р­аңыз. Мемлекет тарапынан рет­тел­мей­тін тұрғын үй қыз­мет­те­рінің ішінде қоқыс шығару бағасы бір жыл ішінде бірден 15,8 пайызға, домофон 3,3 па­йыз­ға, тұрғын үй орынжайла­ры­на қызмет көрсету және жөн­деу қызметтері 7,3 пайызға қым­бат­та­ған.

Еске сала кетейік, 2021 жыл­­­дың бірінші тоқсанында жала­қының өсімі 15,2 пайызды құрады. Инфляцияны ескерсек, өсім – 1,7 пайыз. Ал тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлерінің бағасы 3,6 пайызға тең.

Finprom.kz-тің хабарлауынша, тұрғын үй және коммуналдық қызметтер тарифінің жалпы өсімі жалақы өсімінен асып түскен емес. Мәселен, екінші тоқсанда жалақының өсуі коммуналдық тарифтердің өсімінен 3,4 есе жоғары болды. Көрсеткіш бірінші тоқсанда 4,2 есе өсім көрсеткен еді.

Естеріңізде болса, 2019 жылы және коронадағдарыс басталған 2020 жылдың бірінші жартысында, яғни қарапайым халық үшін қиын жағдай қалыптасқан уақытта тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің тарифі барынша төмендетілді.

Байқағанымыздай, комму­налдық төлемдердің қазақстан­дық­тардың бюджетіне деген әсері шамалы. Оны мына бір статистика да растап отыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында ел тұрғындарының шығындары жан басына шаққанда орта есеппен 188,2 мың теңгені құрады. Оның 174 мың теңгесі – тұтынушылық шығындар. Бұл жерде ақылы қызметтердің үлесі 33,5 мың тең­ге­ні құрайды. Ал коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу шығындары небәрі 12,5 мың теңгеге тең. Сонда айына 4 мың теңгеден аса қаржы жұм­сайды. Яғни коммуналдық тө­­лемдер тұтынушылық шы­ғын­­­дардың небәрі 7,2 пайызын, сондай-ақ орташа статистикалық қа­зақ­стандықтың жалпы шығы­ны­ның 6,7 пайызын ғана алып отыр.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар