....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА

КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА
ашық дереккөзі
КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА

 «Тараз» ӘКК» АҚ комплаенс-инспекторлары құқықтық қауіпсіздік бойынша кезекті нұсқама өткізіп, құқықтық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған кездегі зардаптар туралы ескертті.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ жобалардың мониторингі жөніндегі департаменттермен өткізілді.

– Қазір біз тек жұртшылықтың ғана емес, тиісті қадағалау органдарының да мұқият бақылауындамыз, сондықтан біздің міндетіміз – барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз. Бұған жол бермеу үшін, біз жағымсыз салдарларды болдырмау үшін осындай алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз, – деп түсіндірді кездесуде комплаенс-инспекторы Әнуар Тоқымбаев.

 width=

Барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттілік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізуге міндетті. Егер азамат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болды деп есептесе, ол «Тараз» ӘКК комплаенс-қызметіне немесе тікелей Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне call-орталықтың 1424 тегін нөміріне немесе eotinish.kz электрондық өтініштер порталы арқылы хабарласа алады.

– Ғимарат бейнекамералармен жабдықталған, оны әркім түсінуі керек. Біз заңсыз теріс әрекеттердің жолын кесетін боламыз, өйткені барлық құжаттама сіздер арқылы өтеді, сонымен қатар сіз «Ауыл аманаты» жобасына қатысатын азаматтармен байланыста боласыздар. Сіздерге жүктелген миссияның ауырлығын түсіну керек, – деп атап өтті комплаенс-қызмет офицері Айбол Апен.

Комплаенс-маман «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық» және «сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» деген не екенін айтып, осы ұғымдардың айырмашылығын түсіндірді, басқалармен қатар сыйлық беру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататынын түсіндірді.

Жиналыс барысында сұрақтар мен ескертулер түскен жоқ. Барлығы өткізілетін іс-шараның хаттамасымен танысты.

– Бүгінгі күні өз қызметін квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүзеге асыратын комплаенс-офицерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Әрине, комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып қана қоймай, этикалық құндылықтарды ілгерілетеді, бұл маңызды. Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлеміз, – дейді «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларды дамыту департаментінің бас маманы Біржан Сүлеймен.

 

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

   
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар