жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирус: Қазақстанға бетперде режимі қайта оралды

Коронавирус: Қазақстанға бетперде режимі қайта оралды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ел азаматтары медициналық ұйымдарда бетперде тағуы тиіс

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы індетке қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулыны жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Министрліктің мәліметше, елімізде жыл басынан бері КВИ бойынша 1290 жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар жоқ. Дәрігерлер ғимараттың ішін жиі желдетіп отыруға, антисептикалық құралдарды пайдалануға, науқас адамдармен байланысты шектеуге, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағуға және медициналық көмекке дер кезінде жүгінуге кеңес береді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

• 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
• Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
• ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемнің 84 елінде короновирус анықталды. Оның ішінде Еуропа елдерінде өсім көрсеткіші 20 пайыздан жоғары. Ал, Ресейде соңғы аптада жұқтырғандар саны 30 пайызға артқан. Оңтүстік Кореяда да коронавирус тез тарап жатыр. Індет айдың соңында шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар