Коронавирус: үнді штамының қауіптілігі неде?
Коронавирустың үнді штамының негізгі қауіптілігі – өкпені тез зақымдауы.
Бұл мәлімдемені биология ғылымдарының докторы Анча Баранова жасады, деп жазды Lenta.ru.
Маманның айтуынша, өкпенің эпителий жасушалары әдетте газ алмасуды жүзеге асырады, ол үшін альвеолалар қоректік заттардың арнайы қоспасын шығарады. COVID-19 кезінде жасушалар оны өндіруден бас тартады.
Сарапшы қазіргі уақытта өкпенің қызметі 2020 жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда тез бұзылатынын атап өтті.
Коронавирустың үнді штамы (B.1.617) өткен жылдың қазан айында Үндістанда анықталған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Токио Олимпиадасы тура бір айдан соң басталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





