....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 11:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Криштиану Роналду Қазақстанға қарсы ойнай ма: EURO-2024 жеребесі тартылды

Криштиану Роналду Қазақстанға қарсы ойнай ма: EURO-2024 жеребесі тартылды
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду Қазақстанға қарсы ойнай ма: EURO-2024 жеребесі тартылды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды.Жеребеде Қазақстан ұлттық құрамасының ықтимал қарсыластары анықталды. Дүбірлі додаға бару үшін ең алдымен Ұлттар лигасының плей-офф сынында жеңіске жетуі тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап. Былтыр Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орын алған ұлттық құрама турнирдің плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алғанын атап өткен жөн. Енді отандастарымыз 2024 жылдың 21 наурызында С тобы бойынша жартылай финалда Грекиямен ойнайды. Жеңген жағдайда финалда Грузия немесе Люксембург құрамасымен құрлықтық додаға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. Ал Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда жалауын желбіретеді. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады. А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария. B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания. С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия. D тобы: Ұлттар лигасындағы А тобының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия), Нидерланд, Австрия, Франция. E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Ұлттар лигасындағы B тобының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина F тобы: Португалия, Ұлттар лигасындағы С тобының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия), Түркия, Чехия.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар