Жаңалықтар
Криштиану Роналду бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты
- авторjambylinfo.kz
- 24 наурыз, 2023
- 657
Криштиану Роналду бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты
Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сітеме жасап.
2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің 1-турында Португалия - Лихтенштейн ойынында К. Роналду қос голдың авторы атанды.
Роналду 53-минутта, алдымен 11 метрлік айып добын дәл орындады. Содан кейін 63-минутта есепті 4:0-ге жеткізді.
Осылайша, К. Роналду ұлттық құраманың ресми бәсекелерінде соққан гол санын 100-ге жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартқанын жазған болатынбыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






