Жаңалықтар
Ұлан Қонысбаев «Тараз» футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 31 қаңтар, 2025
- 710

Ол спорттық мансабын 2006 жылы «Жамбыл» командасында бастаған
Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев «Тараз» футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
35 жастағы спортшы өзінің мансабын "Жамбыл" клубында бастады. Одан әрі өзінің мансабында "Тараз", "Астана", "Шахтер", "Атырау", "Қайрат", "Ақтөбе", "Оқжетпес" командаларында ойнады.
Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Спорттық ғұмырында 300-ден аса кездесу өткізіп, 40 жуық голдың авторы болды.
Айта кетейік, жамбылдық спортшы Қарағандының "Шахтер" құрамында Қазақстан чемпионы, "Астана" құрамында Қазақстан кубогының, сондай-ақ екі рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда қала күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 қыркүйек, 2025