Жаңалықтар
Әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер кілті табысталды
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2023
- 1.0k
Әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер кілті табысталды
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады
Жиында Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталады. Сонымен қатар, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновтың жеке бапкері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жағары санатты жаттықтырушы Ертаев Ермек Әлімбекұлына 5 000 000 теңгенің сертификаты берілді.
Ал Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді. Жеке бапкері, бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлына 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала




