....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті

Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті
ашық дереккөзі
Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті
LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады. Кazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.Уильямс Boxingscene.com порталында Әлімханұлының WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) сынға алғаны туралы баяндалған жарияланымға жауап берді. «Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал», - деп жазды Уильямс X әлеуметтік желіде. Ол осы арқылы Әлімханұлына Адамеспен 2024 жылдың қысында болатын жекпе-жекті меңзеді. Айта кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды, алайда қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар