Жаңалықтар
Әлем коронавирус жұқтырудың ауыр кезеңінен өтті – ДДСҰ
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2021
- 178
Әлем коронавирус жұқтырудың ауыр кезеңінен өтті – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы Мария ван Керкховтың айтуынша, әлем коронавирус инфекциясының ауыр кезеңінен өтті, бірақ COVID-19 таралуына қатысты жағдай әлі де алаңдатарлық.
ДДСҰ коронавирустың әлі де үлкен күш-қуаты мен әлеуеті бар екенін атап өтті. Керкховтың сөзінше, вирус жұқтыру саны азайғанымен, апта сайын шамамен 4,5 миллион жаңа жағдай тіркеледі, ал өлім саны аптасына 68 мыңға жетеді.
«Біз бүкіл әлемдегі жағдайларға қатысты вирус жұқтыру шыңынан өттік (ауру шыңынан кейінгі кезең - автор.), бірақ бұл өте жоғары деңгейде тұр. Апта сайын 4,4-4,5 миллион жағдай анықталады және бұл нақты жағдайлардың санынан аз», делінген хабарламада.
Солтүстік және Оңтүстік Америкада COVID-19 жұқтыру мен өлім саны өскені байқалады, ал Еуропада жаңа жағдайлар азайса да, өлім деңгейі төмендер емес.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Талас ауданында бір шенді өлі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024