жексенбі, 4 мамыр, 2025 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемдегі ең бақытты қала анықталды

Әлемдегі ең бақытты қала анықталды
budgettravel.by
Лондондағы Өмір сапасы институты әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингін жасады.

Бұл тізімде бірінші орын Данияның Копенгаген қаласына бұйырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ал үздік бестікке Швейцарияның Цюрих қаласы мен Сингапур, Данияның Орхус және Бельгияның Антверпен қалалары енді.

Ресей қалаларынан тізімге тек Мәскеу ғана кірген. Ол рейтингте 170-орынға жайғасып, Филиппиндегі Кесон-Сити қаласына жол беріп, бұл орынды Италияның Неаполь қаласымен бөлісті.

Рейтингті жасау барысында сарапшылар қалаларды алты түрлі критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде азаматтардың әл-ауқаты, білім деңгейі, мемлекеттік қолдау және тұрғын үйдің қолжетімділігі сияқты көрсеткіштер есепке алынған. Сондай ақ, қалалық басқару — үкіметтік емес секторды қолдау және азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы бағаланған. Мұнымен қоса қоршаған орта, яғни жаңартылатын энергия көздерін қолдану мен насихаттау, энергия тиімділігі және ластануға қарсы шаралар ескерілген.

Сондай-ақ, рейтингке қалалардың бизнеске тартымдылығы, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі, соның ішінде мектептердегі психологиялық көмек, және қоғамдық көлік жүйесінің дамуы да әсер еткен. Әр категория бойынша көшбасшы қалалары анықталған. Мәселен, азаматтардың әл-ауқаты бойынша ең жоғары бағаны Данияның Роскилле қаласы алды, басқаруға қатысу жағынан ең қолайлы қала — Нью-Йорк, ең экологиялық таза қала — Канададағы Ванкувер, ал бизнес үшін ең тартымды қала — Копенгаген деп танылды. Денсаулық сақтау саласының көшбасшысы ретінде Аустрияның Линц қаласы аталды, ал ең дамыған көлік жүйесі бар қала ретінде Лондон танылды.

Бұған дейін БҰҰ әлемдегі ең бақытты елді атаған болатын. Бұл мәртебе қатарынан сегізінші рет Финляндияға бұйырды. Ресей рейтингте 66-орынға ие болды, ал тізімнің соңында Ауғанстан, Ливан, Малави, Зимбабве және Ботсвана орналасқан.

Ал Қазақстан Бақыт деңгейі бойынша әлемнің 147 елі арасынан 43-орынға тұрақтаған. 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар