Жаңалықтар
Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 29 мамыр, 2022
- 156
Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
Бұл белгісіз гепатиттен 650-ге жуық бала зардап шегіп үлгерген. Инфекцияның ең көбі Ұлыбритания мен АҚШ-та тіркелген.
Сәуір айының басынан тарай бастаған белгісіз гепатит 33 елдегі 650 баладан анықталды. Ең көп жұқтырған жеткіншектер Ұлыбританияда тұрады (222) және АҚШ-та (216).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі елдері де жаңа гепатиттен зардап шеккен. Инфекция Аргентина, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Кипр, Дания, Франция, Греция, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Мальдив, Мексика, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Палестина автономиясы, Панама, Польша, Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Испания және Швеция елдерінде байқалған.
Германия мен Ресейде жаңа гепатит жағдайлары әлі анықталған жоқ. ЕО елдерінде 75-тен астам инфекция бес жасқа дейінгі балаларда кездескен. ДДҰ хабарламасында бұл балалардың бауырының даму баяулығынан екені айтылған. Жағдайлардың 6 пайызында балаларға бауыр трансплантациясы қажет болды, 9 бүлдіршін көз жұмды.
Мамандар инфекцияның көзі мен қоздырғыштың жұғу әдістерін әлі нақты анықтай алмай жатыр. Алайда, кейбір науқастардан аденовирус пен коронавирус белгілері бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала