Лидия Каденованың бұрынғы келіні екінші рет тұрмыс құрды
- авторjambylinfo.kz
- 11 тамыз, 2024
- 1.2k
Әлеуметтік желіде Аека posh лақапатымен танымал блогер Айым Алтынбекова екінші рет тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Instagram желісінде миллионнан аса оқырманы бар блогер оқырмандарынан сүйінші сұраған.
Желіде жарияланған видеодан Айым Алтынбекованың өз үйінен ұзатылып, сол күні беташар тойы болғанын көруге болады.
Блогердің айтуынша, оған сырғаның орнына қолына қымбат брендтің білезік (браслет) тағылған.
"Үш жыл бұрын құлағыма ота жасалды, содан бері сырға таға алмаймын, сондықтан қолыма браслет тағылды. Сөйтіп "Сырғалым" атандым", - деп жазған ол қуанышын бөлісіп.
Алайда блогер кімге тұрмысқа шыққанын айтпаған. Есесіне ата-енесін көрсетіп, көпшілікке таныстырған.
Айта кетейік, бұған дейін Айым Алтынбекова Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Лидия Каденованың ұлы Дидар Каденмен бас қосқан еді. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар көп ұзамай екі жаққа кеткен. Бірақ олардың ортақ некеден бір ұлы бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз