....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Лионель Месси сегізінші мәрте "Алтын доп" иегері атанды

Лионель Месси сегізінші мәрте "Алтын доп" иегері атанды
ашық дереккөзі
Лионель Месси сегізінші мәрте "Алтын доп" иегері атанды
Футболдан Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" клубының жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы сегізінші "Алтын добын" жеңіп алды. 2023 жылдың "Алтын доп" иегері Париж қаласында өткен салтанатты шарада анықталды. Лионель Месси көпшілік дауысқа ие болып, футбол әлеміндегі маңызды жүлдеге лайықты деп танылды. Ол мансабындағы сегізінші "Алтын допқа" қол жеткізді. Аргентиналық футболшымен бірге үздік үштікке "Манчестер Сити" командасының ойыншысы Эрлинг Холланд пен ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппе кірді. Сондай-ақ, мадридтік "Реал" футболшысы Джуд Беллингем 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыға табысталатын "Копа" жүлдесіне ие болды. Ал жылдың ең үздік қақпашысы болып Аргентина құрамасының сапындағы Эмилиано Мартинес танылды.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар