дүйсенбі, 30 желтоқсан, 2024 21:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тіл біледі

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тіл біледі
ашық дереккөзі
Ұлттық ұлан сарбазы 7 тіл біледі
Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жүрген Бағжан Болатұлы 7 тілді меңгерген. Бұл туралы Жамбылинфо Sarbaz.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды. Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақырылған. Қатардағы жауынгер Түркияда білім алған.
«Мен орыс, ағылшын, түрік, әзербайжан, испан, француз, чех тілдерін білемін. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам»  деген  нақыл сөз бар. Тіл үйрену арқылы сол ұлттың мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады. Менің полиглот болуыма Еуропада білім алуым әсер етті. Себебі мен араласқан адам көп тілді білді», - деді Бағжан Болатұлы.
Ол мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етпек. Қатардағы жауынгер әскери салада жүріп те шет тілін меңгеруге болады деген пікірде.
«Алдағы уақытта жапон, парсы тілдерін үйренсем деймін. Жеке қойын дәптерім бар. Он тілден артық тіл білгім келеді. Жүйелі жоспар құрдым», - деді жауынгер.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар