Ұлттық ұланның мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдары енгізілді
- авторjambylinfo.kz
- 31 қаңтар, 2025
- 188

Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында өткен дөңгелек үстел барысында, Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысқан кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы бастама арқылы Ұлттық ұлан қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтап, ұлттық асхананы насихаттау мақсатында әскери қызметшілердің рационына дәстүрлі ұлттық тағамдарды қосуды ұсынды.
Жаңартылған мәзірде бешбармақ, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да қазақтың ұлттық тағамдары қосылады.
— Ұлттық тағамдарды әскери рационға енгізу тек аспаздық жаңалық емес, ол жауынгерлік рухты нығайту мен қызметшілердің мәдени бірегейлігін сақтау үшін маңызды қадам, — деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.
Бұл өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген. Себебі ұлттық тағамдардың калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары, олар зат алмасуды жақсартуға, иммунитетті қолдауға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге көмектеседі.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бастама қолдау тауып, болашақта бұл жұмыс жалғасын табады.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз