Ұлттық спортқа жаңа басшы: Еркебұлан Ильясов қауымдастық президенті болып сайланды
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2025
- 524

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, ұлттық спорт федерацияларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыста Исламбек Салжанов екі жылдық қызметінің есебін беріп, қауымдастықтың жетістіктерін саралады. Құрылтайшылар жаңа жарғыны қабылдап, бірауыздан Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясовты қауымдастықтың президенті етіп сайлады.
Өз сөзінде Еркебұлан Ильясов сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, ұлттық спортты дамытуға бағытталған 2025 жылғы жоспарларын таныстырды. ҚР Туризм және спорт министрлігі атынан сөз сөйлеген Серік Жарасбаев Исламбек Салжановқа ұлттық спортқа қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа президентке сәттілік тіледі. Ол федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейге шығару қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, Еркебұлан Ильясов – "Alageum Electric" компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, жамбы ату және арқан тартыс федерацияларының президенті, сондай-ақ "Ұлттық спорт қорының" құрылтайшысы.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз