жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұлтымды қорлауға жол бермеймін»: Қазақ заңгері қырғыз Президентіне үндеу жолдады

«Ұлтымды қорлауға жол бермеймін»: Қазақ заңгері қырғыз Президентіне үндеу жолдады
коллаж jambylinfo.kz.
Ол шағыммен Қазақстандағы Қырғыз елшілігіне хабарласқан

Қазақ заңгері Мейіржан Шекеев қырғыз президенті Садыр Жапаровқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа үндеу жасады. Ол Қазақстандағы Қырғыз елшілігіне де хабарласқан. Ол өз уәжін былай түсіндірген.

«Құрметті Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мырза! Бірнеше күн бойы қырғыз азаматтарының әлеуметтік желіде көкпарға қатысты реніші қазақ азаматтарының намысына тиюде. Осыған байланысты сізден өтініш, қазақ-қырғыз бір туған, екі елдің арасына іріткі салып бүкіл қазақ халқына тіл тигізген екі тентекті тауып, өздеріңіз жазаға тартуды сұраймын. Бір туғаным болса да мен ешкімге бүкіл Қазақ халқына тіл тигізуге жол бермеймін. Бауырлар көптеп белгілеген екен. Видеоны көріп ұнжырғам түсті. Сондықтан осы бейнеүндеуімді құзырлы органдардың құлағына жеткізу үшін, көптеп таратуларыңызды сұраймыз. Өзімізді қорлауға жол берсек те ұлтымды қорлауға жол бермейік», - деп жазған заңгер.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар