Жаңалықтар
Ұлу жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2023
- 334
Ұлу жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Биыл қазақтың жыл санауы бойынша Ұлу жылы. Ұлу - мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан соң, жылан жылынан бұрын келеді. Қазақ бұрыннан әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал Ұлу жылы қандай болады? Келер 2024 жылдың қандай болатынын астролог Динара Құрман Massaget.kz тілшісіне айтып берді.
2024 - Ұлу жылы қандай болады?
Маман сөзінше, негізінен Қытай жаңа жылы 4 ақпанда. Жылдың энергиясының өзі Айдаһардағы Ян ағашы деп аталады, бұл еменге ұқсас діңі терең, үлкен ағаш. Бұл өте қыңыр ағаш саналады, ешқандай жағдайда иілмейді, сондықтан келер жылдан қыңырлық байқалуы мүмкін. Алайда Динара Құрман ағаштың бекзат, игі энергиясының бар екенін айтты.
"Айдаһар - бұл жыл санағындағы жалғыз аңыздық (миф) белгі. Бұл элемент, энергия, әсер және т.б. қандай да бір аңыздық қайта құрылуы болатынын көрсетеді. 2024 - сананы тұрақтандыру үшін қайта құру жылы болады. Биылғы жылдың энергиясы игі болады деп есептелетіндіктен, адамдар өзін салмақты ұстағаны жөн. Ал жылдың өзі қақтығыстарға әкеп тұрады, тіпті қарапайым адамдардың өзі кикілжіңге көп түседі. Адам өзін салмақты, ақылмен ойлау арқылы ғана бұл кедергілерді жеңе алады", - дейді астролог.
2024 жылы деннің саулығын сақтау үшін қандай мүшеге көңіл бөлу қажет?
2024 жыл қытай күнтізбесінде Айдаһардағы Ян ағашы немесе Ағаш айдаһар деп аталады. Сондықтан, Динара Құрман мәліметінше, 2024 жылы денсаулыққа қалай көңіл бөлу керегі қытай күнтізбесі бойынша негізделген екі элементке қарап болжанады.
Бірінші элемент - Ян ағашы.
"Ян ағашы жоғары эмоционалдылық, бүлікшіл, ашуланшақтық, қыңырлық, қоғамға қарсы мінез-құлықпен байланысты. Сондықтан, 2024 жылы психологиялық денсаулыққа көп көңіл бөлген жөн. Мысалы йога, медитация жасап, психолог кеңесіне жазылып, дұрыс ұйықтап, иммунитетті нығайтып, бірқалыпта ұстау үшін дәрумендер ішу керек. 2024 жылы психологиялық саулық үшін барлық нәрсеге шыдамдылық танытып, шешімін кикілжіңсіз табуға тырысу маңызды", - дейді маман.
Қытай медицинасы тұрғысынан Ян ағашы адам ағзасындағы бауыр, ұйқы безі, бұлшықет пен сіңір сияқты мүшелермен байланысты, ал Айдаһар асқазан-ішек жолдарының жұмысына жауап беретін жер элементімен байланысты.
"Бір қызығы, психосоматика бойынша бауыр мен ұйқы безінің аурулары адам ашуланған кезде ұстамды болуға септігін тигізеді, ал асқазанның тамақты қорыта алмауы адам өміріндегі қиын жағдаймен байланысты болуы мүмкін. Кез келген аурудың алдын алу үшін ағзаны улы заттардан тазартып, сапалы ұйықтап, физикалық белсенділікке назар аударуыңыз керек", - дейді ол.
2024 жыл Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті болмақ?
Астрологтың айтуынша, 2024 жыл бірнеше маусымға созылған күрделі кезеңнің соңы болады. Өйткені, 2013-2017 жылдары ел экономикасы алға қарай жылжыса, 2018-2019 жылдары құлдыраған, 2020 жыл бүкіл әлемді дүр сілкіндірген суыққа байланысты құлдыраудың ең қиын маусымы болған.
"2024 жылдың бірінші жартысында Айдаһар әлемге шаттана қарайды, бұл экономиканың жандануына оң әсер береді. Дегенмен тамыздан кейін экономика қарқыны баяулайды, бірақ бұл сәттілік алдындағы тоқырау болуы мүмкін", - деп түсіндірді маман.
2024 жылы табысқа кенеліп, сұранысқа ие болатын салалар:
банк секторы;
жоғары технологиялар;
бизнес-процестерді автоматтандыру жүйелері;
автомобиль жасау;
машина жасау;
сұлулық индустриясы (тері күтімі);
фармацевтика;
биотехнология.
Сонымен қатар, медиа, сән, экология, жасыл энергетика, байланыс, логистика сияқты бағыттарда қаржы ағыны жақсы болады.
Ойын-сауықты жандандыру, мейрамхана бизнесі, концерттік қызмет, түрлі мәдени және іскерлік іс-шаралар, шығармашылықпен байланысты барлық сала жаңа серпін алады.
2024 жылы Қазақстанда саяси жағдай қандай болады?
Елімізде соңғы бірнеше жылда айтарлықтай тәжірибе әкелген жағдай көп болды.
"Келер жылы қоғамда бүлікшіл рух сақталады, әйелдің қоғамдағы және саясаттағы рөлі едәуір артады. Заңнамалық актіге, оның ішінде сот жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіледі.
Ал шет елдегі қақтығыстардың күшею ықтималдылығы жоғары, қақтығысты бастаған президенттердің туған күндерін зерттеу арқылы олар мәселенің шешімін табу үшін келіссөз жүргізеді деген үміттің аз екенін байқадым.
2024 жыл - тек біздің елімізде ғана емес, жалпы әлемде де елеулі өзгерістер жылы болады. Кем дегенде, әлемдегі мемлекеттердің жартысы келесі жылы таңдамалы саяси науқан ұйымдастырады деп есептеймін", - деп болжады астролог.
2024 жылы қауіпті айлар мен кезеңдер
Сонымен қатар, астролог келер жылы қауіпті кезеңге қандай айлар кіретінін айтты.
"2024 жылдың қауіпті кезеңіне сәуір және қазан айлары кіреді. Айдаһар жер элементіне жататындықтан, барлық қауіпті көрініс жермен байланысты, мысалы жер апаттары, жарылыстар, көшкіндер. Сондықтан осы кезеңде алыс жолға және тауға шығудан бас тартқаныңыз абзал", - дейді Динара Құрман.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96692/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024