сенбі, 23 қараша, 2024 17:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр

“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр
ашық дереккөзі
“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр
“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр. Бұл екінші жыл қатарынан болып жатқан жағдай. Әліптің артын бағумен әбден ашынған халық, жанайқайларын әлеуметтік желіде білдіріп жатыр, деп хабарлайды Жамбылинфо. Бірақ тұрғындардың шағымынан нәтиже шығар емес. Желіде жазба қалдырған тұрғынның бірі Жасұлан Сейілхан. Айтуынша қазір өзі тұрып жатқан үйдің астында бір емес,екі мотор тұр. Бірақ оның күші жетпейді де дейді ол.
«Осы «Ұлы даламыз» ауы мен бауы байланбаған адам сияқты алқам-салқам жатыр. Еліміздегі ең үлкен шағынаудан деп мақтанамыз. Осы мақтануды осы жерден қоя тұрайықшы. Бұл жақтың жылуы батареяның секциясы сияқты: жоғары жағындағы үйлерде – бар, төменгі жағындағыларда – ЖОҚ! Магистральдің шамасы жетпеген соң құрылыс компанияларын қинап жатып, әкімдік амалын тапқан. Қазір әр үйдің астында бірден, екіден мотор тұр. Сол мотор бізде де бар. 1023-үйде Бірақ күші жетпейді. Мердігер компания басшылары істі болыпты деп естідік. Дәл қазір олардың біздің проблемаға басы қатып жүрген жоқ.» - деп жазба қалдырған Жасұлан Сейілхан.
Сондай-ақ, ол бұл мәселемен қала әкімдігі және жауапты мамандар хабардар екенін айтады. Айталық, қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл шағын ауданға келіп, проблеманы көзбен көріп, тұрғындарды сабырға шақырып кеткен.
« Қысқасы бұл мәселемен қала әкіміне де, орынбасарларына да кіргенбіз. Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаев та мәселемен жақсы таныс. Қазіргі орынбасары Қайрат Исмайл да келіп, көріп, тұрғындарды сабырға шақырып, «Бәрі жақсы болады» деп кеткен. 109-ға қоңырау шалған сайын құрылыс бөлімінің, ТТЭ мамандары да келіп кетіп жүр. Бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Ол жігіттерге рақмет. Түнде болсын жетіп келеді.Жақында тағы бірнәрсе шұқылап кеткен, содан бері элеватордағы есептеуіштердің барлық көрсеткіші нормаға сай көрсетіп кетті. Бірақ пәтерлердің іші даладай суық!!! Алғашқы батареялар жылы, соңғы бөлмелердегілер тастай!»- деді шағымданушы.
Тұрғындар қыс басталғалы үйде қос қабат көрпе оранып жатуға мәжбүр. Жылыту құралдарын қосқанмен пайда жоқ.
  «Үйде жаңа туған нәрестелер бар. Көбі тоқпешпен жылынып отыр. Онымен қашанғы отырмақпыз. Қос-қос көрпе жамылғанымыз тағы бар.»-дейді жазба авторы.
Jambylinfo.kz журналистері аталған шағымға қатысты қала әкімшілігінен ресми жауап күтеді. Мәселенің мән-жайын алдағы уақытта жариялаймыз.

Диана Орынбасар

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар