....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 4:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Ұлытау хандардың бас қосқан мекені

Ұлытау хандардың бас қосқан мекені
ашық дереккөзі
Ұлытау хандардың бас қосқан мекені
20 миллион. Жақсы жаңалықты естігенде аллаға шүкір дедім. Қазақта «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деген бар. 20 миллионыншы баланың Ұлытауда дүниеге келгенін де жақсы ырымға баладым. Ол -хандардың бас қосқан мекені. Қазақ елінің жүрегі емес па?! Қай кезде де көп болған жақсы ғой. Көппен бірге тірлік те өнімді. Оны қарапайым ғана мысал – қазақтың тойынан көресің. Ағайыны көп, ауыз біршілігі мықты үйдің берекесі болады. Ондай тойларды өткізудің өзі бір ғанибет. Әрқайсысы бір-бір төбе болып, жан-жақтан жабылып іс тындырады. Ондай үйдің тойы да, асы да, дастарханы да мол. Осы ретте қазақтың тағы бір әдемі сөзі ойға оралып отыр: «Жалғыз баласы бар кісінің шығар-шықпас жаны бар. Екі ұлы бар кісінің өкпе-бауыр, жалы бар. Үш ұлы бар кісінің бұқарада малы бар, қорасында қолы бар. Төрт ұлы бар кісінің аспаннан салған жолы бар». Бұл сөз бір үйге ғана қатысты емес, күллі ұлтқа қатыстырып айтсақ, халқы көп, ауызбіршілігі мықты ел ғана байлыққа жетеді деп тұрғандай. Халқымыздың көбейгенінде құт пен ырыс, несібе бар. Сондықтанда, ағайын, «ағайыны көпті жау алмайды» дегім келеді. Ербол Қамбатыров, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар