дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдер жазғы демалыс кезінде МӘМС дәрежесінен айырылып қалады - депутат

Мұғалімдер жазғы демалыс кезінде МӘМС дәрежесінен айырылып қалады - депутат
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жұлдыз Сүлейменованың сауалына ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жауап берді

Халық қалаулысы мәжіліс отырысында оқу-ағарту  министрлігінің өкілінен жазғы демалыс кезіндегі мұғалімдердің МӘМС мәртебесі мәселесі қалай шешілетіні туралы сұраған, -деп хабарлайды Jambylinfo. kz.Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту вице-министрі  Еділ Оспан бұл мәселенің шешілгенін алға тартқан. 

"Демалыста жүрген педагогтер МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебені сақтау проблемасына тап болады. Ай сайын жарналардың орнына мұғалімдердің екі айлық демалысы үшін бір төлем ғана аударылады. Мұғалімдер демалысқа шығады, жаз айында МӘМС төлемінсіз қалады. Биылғы тәжірибеге келсек, олар медициналық сақтандырусыз қалмай ма?", – деп сұрады депутат.

Оқу-ағарту вице-министрі бұл мәселе шешілгенін, енді мұғалімдер үшін МӘМС төлемдерін ай сайын бөлек төленетінін айтты.

"Өткен жылы МӘМС төлемдеріне қатысты проблемалар болды. Жалпы еңбек демалысы көптеген мұғалімдерге қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері және денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп жұмыс істедік және үлкен жұмыс атқардық. Бізде бір ұстаным қалыптасты. МӘМС ережелерінің анықтамасына сәйкес, түзетулер енгізілді. Мұғалімдердің ай сайынғы төлемі бөлек көрсетіледі", – деді Еділ Оспан.

Еске сала кетсек, "МӘМС туралы" заңға сай жұмыс беруші ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыруға қызметкері үшін аударымдар мен жарна төлеуге тиіс. Бір айда аударым болмаса, қызметкер МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесінен айырылады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар