Жаңалықтар
Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті
- авторjambylinfo.kz
- 8 қараша, 2023
- 185
Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті
Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды.
Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үші жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды. Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де өзгермей үшінші орныда қалды.
F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкасллды" 2:0 есебімен ұтты. Гол салғандар Никлас Фюллькруг (26-минут) және Юлиан Брандт (79) болды.
Енді жеті балл жинаған "Боруссия" топта бірінші орынға шықты, ал "Ньюкасл" төрт ұпаймен үшінші келеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024