Мұрат Әбенов министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:50
- 52
Қоғамдық кеңес мүшелері дауыс беру арқылы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновты төраға етіп сайлады. Сонымен қатар Кеңестің жұмыс жоспары айқындалып, салалық комиссиялар мен Президиум мүшелері сайланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Педагог-KZ порталына сілтеме жасап
Жиынға қатысқан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қоғамдық кеңеске 600 мыңға жуық педагогтың, 22 мың білім беру ұйымының және 4 миллионнан астам білім алушының мүддесін қолдау мен қорғау жүктелгенін атап өтті.
Айта кетейік, Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері – шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Кеңес құрамында педагогтар, жеке білім беру, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері бар.





