жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұрат Нұртілеу бастаған делегация Тәжікстандағы тарихи нысандарға гүл шоқтарын қойды

Мұрат Нұртілеу бастаған делегация Тәжікстандағы тарихи нысандарға гүл шоқтарын қойды
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы ел астанасындағы бірқатар тарихи және мәдени нысандарға барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдымен делегация 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды. Бұл ескерткіш 2007 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық ұланының және қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ашылып, 2021 жылы қайта қалпына келтірілген.

Сондай-ақ, Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында 2024 жылы орнатылған қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюстіне де гүл шоқтары қойылды.

Аталған іс-шаралар Қазақстанның тарихи жадыны сақтау жолындағы ұстанымын және екі ел халықтарын біріктіретін рухани құндылықтарға деген құрметін айқындайды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар