Мәскеуде лаңкестердің шабуылынан жазықсыз адамдар жапа шекті
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2024
- 3.8k
Куәгерлердің сөзінше, қылмыскерлер концерт басталар алдында негізгі есік арқылы ғимаратқа кіріп, келушілер мен күзетшілерге бірден оқ жаудырған. Мұнан соң үш-төрт адам концерт залына кіріп, көрермендерді атып, «Молотов коктейльдерін» лақтыра бастаған. Соның салдарынан ғимаратта өрт шыққан. Лаңкестер артынша ізін суытыпты. Залдағы адамдар атыстан құтылу үшін еденге жатып, 15-20 минут жатты, содан кейін олар жорғалап шыға бастады.
Путіннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзіне сүйенсек, мемлекет басшысына теракт туралы хабар жедел түрде бірінші минутта жеткен .
Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеу облысында РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Балалар омбудсмені Мария Львова-Белованың айтуынша, екі бала жарақат алған, қазір олардың жағдайы орташа ауыр.
Қазір сауда орталығының аумағында 50-ден астам облыстық және астаналық жедел жәрдем бригадасы, ондаған өрт сөндіру машинаcы бар. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт түн ортасына қарай сөндірілгенін хабарлады.
Алдағы күндері Мәскеуде мемлекеттік мекемелердегі барлық ойын-сауық шаралары тоқтатылды.
Бірқатар телеграм-арналардың мәліметінше, халықаралық Reuters және CNN агенттіктері Мәскеудегі лаңкестік әрекетті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алғанын хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында болған лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 145 адамның біразының тізімін жариялады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Терроризмді мүлде ақтауға болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024