....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 12:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Маған сөз саласыз ба?" дедім". Танымал журналист Дина Төлепберген күйеуі туралы алғаш рет айтты

"Маған сөз саласыз ба?" дедім". Танымал журналист Дина Төлепберген күйеуі туралы алғаш рет айтты
ашық дереккөзі
"Маған сөз саласыз ба?" дедім". Танымал журналист Дина Төлепберген күйеуі туралы алғаш рет айтты
Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген TALK LIKE бағдарламасында жұбайы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Оның сөзінше, 28 жасында тұрмысқа шыққан. "Ол үлкен, алып махаббат. Тұрмысқа шыққаныма он үш жыл. Қыз бен жігіт болып үш жыл жүрдік. 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Жұмыс бабымен Алматыға қоныс аудардым. Ол кісінің де жұмысы Алматыға ауысқан. Алматыда табысып, ерлі-зайыпты болдық", - дейді журналист. Дина Төлепберген жұбайымен үш жыл қыз-жігіт болып жүріп, кейін шаңырақ көтерген. "Ол кісі бірден талап қойды. "Біздің отбасымызда бір ғана жұлдыз болады, ол сен, сенің атағың, абыройың бар, бірақ мен сені ол үшін жақсы көріп жатқан жоқпын. Маған ол керек емес" деді. ...Мен оны күттім. Үшінші жыл болған кезде "сіз маған сөз саласыз ба? Мен сіздің жарыңыз болуға дайынмын" дедім. "Неге ертерек айтпадың?" деді. Ол мені күтіп жүрген", - журналист. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97697/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар