дүйсенбі, 8 шілде, 2024 18:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мақпал Жүнісова үшем босанды

Мақпал Жүнісова үшем босанды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Бір шаңырақты шаттыққа бөлеген қуанышты жаңалық қазақ даласын шарлап кетті. Зеренді ауданына қарасты Гранитный селосында тұратын әулетте ақ түйенің қарны жарылды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

–  Жүктілік кезінде жанымда болған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жүктіліктің 35-ші аптасында босандым, бәрі қалыпты өтті. Әрине, соңғы айда қиындау болды. Алғашында дәрігерлер егіз болады деген. Бірақ кейін үшем болатынын естігенде жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Үйде тағы екі ұлым мен бір қызым бар. Енді, міне, Мирас, Гүлнәр және Гауһар есімді үшем өмірге келді, - дейді жас ана.

Үйінде  үш баласы бар ата-ана бір-ақ сәтте көп балалы отбасы болып шыға келді.  Ал әлеуметтік желіде: «Мақпал Жүнісова үшем босанды», – деген ақпаратты оқыған желі қолданушылары ә дегенде дүрсе қоя беріп: «Не деген ұятсыздық?! Аналарыңмен жасты эстрада жұлдызын мазақ етулерің не бейбастық?! Мақпалдың қара басына тиіскенді қашан қояды екен осылар, мынаусы тіпті ерсі» деп  жазба қалдырған. Соңыра үшемді дүниеге алып келген Мақпал Жүнісованың тек аты-жөні ғана әншімен аттас екенін білгенде жұрт таңданысын жасыра алмай, ыстық ықыласын білдіріп, толассыз тілектерін арнап жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар