Мақсат Толықбаев: «Қаржы пирамидаларына халық бір жылда 20 млрд теңге салған»
- авторjambylinfo.kz
- 26 ақпан, 2025
- 171

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаев Бас Прокурор Берік Асылов пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановқа тұрғын үй кооперативтерінің қызметін реттеу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Былтыр «алаяқтық» бабы бойынша тіркелген қылмыстың саны 45 мыңнан асты. Қаржы пирамидаларына халық бір жылда 20 млрд теңге салған. Бұл бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат және мәдениет министрлігі, Ұлттық банктен бастап Қаржы мониторингі агенттігіне дейін барлығы жұмыла жұмыс істемесе, қамкөңіл халықтың арман тілектері әдірем қалып, әккі алаяқтар әлі талайды сан соқтырады. Ең басты мәселе – халықтың қаржылық сауатын арттыру», – деді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз