сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 14:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда 7 педагог жалған құжатпен жұмыс істегені анықталды

Маңғыстауда 7 педагог жалған құжатпен жұмыс істегені анықталды
Фото - ашық дереккөз
Сот үкімімен барлық педагогтар ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл салынды.

Олар SDU University-дің «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті деген жалған куәлікпен мектепте педагог-психолог қызметін атқарған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында жеті педагогтың жалған құжатпен білім беру мекемелерінде жұмыс істегені анықталды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, тексеріс барысында олардың кәсіптік даярлықтан өткені туралы құжаттарының жалған екені белгілі болған. Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024 жылдың наурыз айында SDU University-дің «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті деген жалған куәлікпен мектепте педагог-психолог қызметін атқарған. Осындай жағдай тағы алты мұғалімде тіркелді.

 Прокуратура жалған құжат жасау және пайдаланудың заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар