Жаңалықтар
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025
- 165
Ол қаражат шәкіртақы мен іссапарларға арналған
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалған. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
- авторjambylinfo.kz
- 13 қаңтар, 2025